Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев

Құрметті достар!



Егер сіз осы бетті ашсаңыз, демек, Сізді қордағы жұмыс қызықтырады немесе біздің жария түрдегі жалға алу, адам ресурстарын басқару, таланттарды дамыту жүйеміздің қалай жұмыс істейтіндігі туралы ақпаратты көргіңіз келеді. Бәлкім, Сізді біздің корпоративтік мәдениетіміз немесе өзгерістерге деген бейімділік рухымыз және компанияларымыздағы трансформация қызықтыратын болар.

Тіпті, Сіз бұл бетті басқа себептерге байланысты немесе кездейсоқ ашсаңыз да, сайтқа хош келдіңіз демекпіз. Егер Сіз өзіңіз үшін пайдалы немесе қызықты мәліметті тапсаңыз, онда біз қуаныштымыз.

Бұл сайт ең алдымен, жалға алу шарттарымен, қол жетімді бос орындардың ерекшеліктерімен әлеуетті үміткерлерді таныстыру және жарияланған лауазымдарға өтінім беру мүмкіндігін ұсыну үшін құрылған.

Бұдан басқа, біз «Самұрық-Қазына» қорында қабылданған адамдармен жұмыс істеу саласындағы саясат, қағидалар туралы, сондай-ақ бастамалар мен жобалар туралы ақпарат беруге тырысатын боламыз. Бұл Сіздерге біздің құндылықтарымызды, мәдениетімізді және компаниямызда қалыптасқан ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Сіздерді біздің бастамамызға атсалысуға және оған өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Ол үшін бос орындармен танысу, өзіңіздің ондағы талаптарға қаншалықты сәйкес келетініңізді салыстыру және өтінім беру ғана қажет.

Іріктеудің бірнеше кезеңін қамтитын ашық түрдегі жалға алу қағидаларымен және рәсімдерімен танысқаныңыз өте маңызды. Мүмкін, Сіз кейбір кезеңдерді артық және коммерциялық ұйымға жалға алу процесінің шеңберінен шығады деп есептейтін боларсыз. Алайда, біз – әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания – біздің негізгі стейкхолдерлеріміз – Қазақстан азаматтарының үміттеріне сәйкес келуге ұмтыламыз. Ал ол әлемдегі кез келген ұйым қызметінің негізгі принципінің – тұрақты даму принципінің сақталуына ықпал етеді, және бұл біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі.

Жаңа ұйымдық құрылымға өту жобасы

«Самұрық-Қазына» қоры трансформация шеңберінде халықаралық табысты ұйымдардың нақты үлгілері негізінде стратегияны, бизнес модельді, ұйымдық құрылымды толығымен қайта қарап шықты. Қордың жаңа бизнес моделі бекітілді – белсенді инвестициялық қызметке назар қою, активтер қоржынын басқару және оңтайландыру. Стратегиялық және коммерциялық блоктар күшейтілді, мониторинг және қолдау блоктары толығымен қайта ұйымдастырылды.

Бұдан басқа біз ұқсас үлгідегі жетекші қорлардың қызметін зерделеу негізінде 2000-нан астам ішкі үдерістерді қайта қарап шықтық. Сондай-ақ біліктілік талаптары қайта қаралды.

Жаңа бизнес модельді және қайта қаралған үдерістерді ескере отырып, жаңа ұйымдық құрылым әзірленді және оған өту жобасы басталды. Қордағы жоқ біліктіліктер ашық жалдау арқылы жинақталады. Бос орындар осы сайтта жарияланады.

Бос орындар түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін бизнес модельде блоктың атауына сәйкес тиісті бөлімдерге орналастырылған. Әр блок бойынша блоктың жалпы көрінісіне және негізгі мақсаттарына қысқаша түсіндірме берілген.

Құрметпен, Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев